УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

“Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың” тақырыбында тәрбие сағаты

ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын,еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.

Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну. Екі топ болып қарама-қарсы ойларымен бөлісті.

Фотография 1 Фотография 2

 30 ноябрь 2021